Н. Назарбаев: Кәсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпеуі тиіс
![]() |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордың ақшасын жаңа нысандар құрылысына пайдалануға тыйым салды. |
Бұл туралы Мемлекет басшысы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың көрсеткішін арттырудың, салынып қойған нысандардың қуатын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
«Кәсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпеуі тиіс. Олай болмайды, Ұлттық қордың ақшасын жаңа нысандар құрылысына, сондай-ақ нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдауға, субсидиялауға пайдалануға тыйым саламын. Бұл жағдайда қандай өндіріс тиімді, қайсысы тиімсіз жұмыс істейтіні бірден көрінеді. Сондай-ақ біз барынша тиімді менеджемент тарту үшін жекешелендіру жүргіземіз», - деді Қазақстан Президенті.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін