Н. Назарбаев Құрбан айт намазына қатысты
![]() |
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хазірет Сұлтан мешітінде Құрбай айт мерекесінің намазына қатысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. |
"Барша қазақстандықтарды, көрші елдерде тұратын және әлемдегі исі мұсылман жұртын Құрбан Байрам мерекесімен құттықтаймын!" - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы бұл мерекенің xалықтардың бірлігі мен татулығында үлкен мәні бар екенін ерекше атап өтті.
"Бұл күні барша мұсылман туыстарымен, көршілерімен жүздесіп, бұның алдындағы реніштерін кешіреді, Алладан береке, xалықтың ынтымағы мен бақуатты болуын тілейді", - деп атап өтті Н. Назарбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін