"Намыс қайда..." Мәжілісте Данияр Ақышевтың масқарасы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Намыс қайда..." Мәжілісте Данияр Ақышевтың масқарасы шықты

"Намыс қайда..." Мәжілісте Данияр Ақышевтың масқарасы шықты

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде сөз алып, орысша сөйлеген Данияр Ақышевқа депутаттар «намысың жоқ» деп тиісті.

  • 12 Сәуiр 2018
  • 115
Фото - Caravan.kz

Тіпті, бір депутат оған Қадыр Мырза-Әлі ағамыздың тіл туралы өлеңін жазып, алдына тақтайшаға іліп қоюға кеңес берді, деп жазды 365info.kz

Негізі, әңгіме мынадан шықты. Мәжілісте орыс депутат Геннадий Шиповских Данияр Ақышевқа қазақша сұрақ қойды. Алайда Ұлттық банк басшысы бұған өз ана тілінде жауап бере алмай масқара болды. Тіпті, қазақшаны түсінбеді ме, депутаттың сұрағына нақты жауап бере алмады. Ал өз сауалына жауап ала алмаған депутат шыр-пыр.

Осы араға келгенде мұндай масқараға шыдамаған депутат Нұрлан Дулатбеков ағалық танытқандай боп сөзге араласты.

— Білімді азаматсыз, оныңызды парасаттылығыңыз бен намыс арқылы паш етсеңіз дұрыс болар еді. Өңірде болдық, эфирден жиындарымызды көрген халық мемлекеттік тілге деген құрметімізге алғыстарын білдіріп жатады.

Елбасы айтты ғой, бірақ бүгін ескі сүрлеуге түсіп кеткен сияқтымыз.

Намыс болу керек, парасаттылық болу керек. Мен сізге айтар едім, жұмыс орныңыздағы үстелге: „Ана тілім — арым бұл, Ұятым боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте„ деген сөзді жазып қоюыңызды сұраймын, — деп астарлап, оны тағы бір мінеп алды.

Дәлізге шыққан Данияр Ақышев Мәжілістегі ыңғайсыз бұл жағдайды журналистер алдында былдыраған қазақшасымен былай түсіндіруге тырысты:


 Күрделі методологиялық терминдер бар. Осы трибунада ол қиын.

Мен сізге бар акпарат қазақша жауап беремин. Мен дайынмын. Бирак Мәжілісте сондай күрделі сұрақтар бар, күрделі терминдер бар, сондықтан ол арада орысша жауап беремін.

Оқи отырыңыз:
Желі қолданушылар Кәмшат Жолдыбаеваның толық шешініп, фотоға түсуін сұрады
Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді
Алматы тау бөктерінен 19 жастағы студент қыздың денесі табылды
Соңғы жаңалықтар