НАНКИН-2014: Боксшы Абылайхан Жүсіпов финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
НАНКИН-2014: Боксшы Абылайхан Жүсіпов финалға шықты

НАНКИН-2014: Боксшы Абылайхан Жүсіпов финалға шықты

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында финалға жолдама алды.

  • 25 Тамыз 2014
  • 1021
Фото - Caravan.kz

Жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) жартылай финалда венгр боксшысы Ричард Коннюді (Richard Konnyu) 3:0 есебімен жеңді.

Енді отандасымыз 27 тамызда өтетін финалда кубалық Алэйн Лимонта-Боудетпен (Alain Limonta Boudet) қолғап түйістіреді.

Бүгін, сондай-ақ, 49 келіге дейін және 81 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың финалда өнер көрсететіндері анықталады. Ол орындарға қазақстандық қос боксшы Шалқар Айқынбай мен Вадим Казаков таласады.