Астанаға ат басын бұрғандардың көбі қазір саясатта жоқ. Десе де, халықаралық мәселелерді шешуде ықпалы әлі бар. Ақордаға Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ақылмандар кеңесіне Израиль, Польша, Колумбияның бұрынғы президенттері, Испанияның экс-премьері, МАГАТЭ-нің байырғы директоры Аль-Барадей мен Нобель сыйлығының лауреттары шақыртылған. Дастархан басында ушығып тұрған әлемдегі геосаясат талқыланды. Ал Елбасы әлемдік саясаттың ақсақалы Израильдің 9-шы президенті 92 жастағы Шимон Переспен жеке кездесіп, пікір алмасты.