Назарбаев «Атамекен» палатасының басшылығын Ақордаға шақыртты
Назарбаевқа отандық бизнесмендердің мүддесінің қалай қорғалып жатқаны айтылды. Бүгін Ақордаға шақыртылған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы президентке есеп берді. |
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Орта және шағын бизнесті қолдау жөнінде көп шаралар мемлекет қабылдады, соған қатынастыңдар. Шағын бизнесте жүргендердің пікірін алып келдіңдер. Мына 5 реформа жөнінде 80-ге жақын заң қабылдадық. Оған қатынастыңдар! Мінеки соның бәрін орындайтын кез келді. Не істейсіңдер? Ал айтыңдар...
Ұлттық палатаның төрағасы Тимур Құлыбаев пен басқарма басшысы Абылай Мырзахметовтың айтары көп болып шықты. Елбасы «Атамекенге» отандық өнімді қолдап, жекешелендіру ісіне белсене қатысуға тапсырма берді. Сонымен қатар кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықты бизнеске үйретіп инвестиция тартуды жүктеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін