Назарбаев ауқымды жоспарын газетке басып мақала жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев ауқымды жоспарын газетке басып мақала жазды

Назарбаев ауқымды жоспарын газетке басып мақала жазды

Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды жоспарын газетке басып, елдің болашағын кезекті рет айқындап берді. Бұл жолы елге арнаған сөзін бейнекамераға емес, билік басылымына жазған Елбасының мақаласы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталады.

  • 7 Қаңтар 2016
  • 261
Фото - Caravan.kz

Сол арманға жетудің 100 нақты қадамын түсіндірген президент  5 ауқымды реформаның қаңтар айынан бастап қалай жүзеге асырылатынын жіліктеп берген. Алдымен ақшаға сатылмайтын сот пен мемлекеттік аппаратты қайта жасақтау, мұнайға тәуелді болмайтын экономика құру мен қаржылық дағдарысты еңсеру секілді жүздеген мәселені шешудің жолдарын жариялапты. Қысқасы, тұтас бір ғылыми жұмыс секілді. Енді бұл стратегиялық құжаттағы зор міндеттер орындалса, Қазақстан дамудың жаңа жолына түспек. Назарбаев өз мақаласында, дауы көп сот жүйесін реформалап, әділдік орнатуға күш салатынын жазған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Апелляциялық және кассациялық инстанциялар қалады. Бұл жерде көп іс қаралатын бірінші және апелляциялық инстанциялар соттарының рөлдері айтарлықтай күшейтілетін болады. Мұндай қадам соттық әуре-сарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартады.Сот залдары сот істерін аудио және видеожазудың аппаратураларымен жарақтандырылады және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді.Бұл сот процесі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етеді
.