Назарбаев еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағын ұлғайту қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағын ұлғайту қажет деп санайды

Назарбаев еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағын ұлғайту қажет деп санайды

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағын ұлғайту қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін Атырауда Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 19-шы жалпы отырысында пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Маусым 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Еліміздің 21 ғасырда тұрақты дамуына қажетті алғышарттардың бірі орны толатын қуат көздерін пайдалану болып табылады, ал іс жүзінде оған біз тіпті кіріскен де жоқпыз», -деді Н. Назарбаев.

«Еліміздің отын-энергетикалық балансында орны толатын қуат көздерінің үлес салмағы қазір небәрі 0,02% құрайды. Пайдалану мүмкіндігі зор жел және күн энергиясының еліміздегі әлеуетін ескергенде, бұл сан бізді мүлдем қанағаттандыруға тиіс емес, ал оларды игеруде әлемде ауқымды тәжірибе жинақталған», -деді ол.

«Инновацияны дамытатын ауқымды сала осы, үкімет осындай жұмысты қолға алуы қажет»,- деді президент.

«Тиісті ғылыми орта құрып, оның әлеуетін ашу керек, бұл жерде біздің даму институттарымыз көзге түсуі керек», -деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті