Жарияланды: 370

Назарбаев Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев ең жақын одақтастарының бірі  Александр Лукашенконы сайлаудағы  айқын жеңісімен құттықтады. Беларусьте өткен президент сайлауында қарсыластарын шаң қаптырған Лукашенко алдағы 5 жылда тақта қалатын болды.

Негізі, 21 жыл бойы тақта отырған қазіргі мемлекет басшысының қайта сайланатынына ешкімнің күмәні болмаған. Мұны Лукашенконың өзі де сезгендей. Әрдайым жанынан қалдырмайтын кіші ұлын сайлау учаскесіне ертіп келіп өз таңдауын жасады. Ал сайлау қортындысында, көпшілік күткендей Александр Лукашенко халқының 83,49 дауысын жинады. Оның негізгі 3 қарсыласы 5 пайыздық межеге де жақындай алмаған. Батыл мәлімдемелерімен ерекшеленетін 61 жастағы саясаткердің соңғы уақытта Батыспен қатынасы жақсара түскен. Тіпті Лукашенконы диктатор деп шамына тиетін Еуропалық Одақ Беларусьтен санкциялардың біршамасын алып тастамақ ойда. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін