Жарияланды: 880

Назарбаев Қазақстан мен Қытайдың әскери ынтымақтастығын күшейтуді маңызды деп санайды

Назарбаев Қазақстан мен Қытайдың әскери ынтымақтастығын күшейтуді маңызды деп санайды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай қорғаныс министрі Чан Ваньцюанмен екі елдің қорғаныс ведомстволарының арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады,

деп хабарлады Қазақстан басшысының баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Н.Назарбаев атап өткендей, бүгінгі күнде Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастан өткеріп отыр. Ол ҚХР қорғаныс министрін Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадтың Пекинде жемісті өтуімен құттықтады, делінген дүйсенбіде таралған ақпаратта.
Сонымен қатар Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстан Ядролық қарудан таза Орталық Азия аумағы туралы Келісімге ҚХР-ның қауіпсіздік кепілдігін жоғары бағалап отыр, делінген онда.
ҚХР қорғаныс министрі өз кезегінде Қазақстан президентінің елдің замануи келбетін қалыптастыруға қосып отырған үлесін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін