Жарияланды: 170

Назарбаев жұмыс кабинетін уақытша Алматыға ауыстырды

Назарбаев Ақордадағы жұмыс кабинетін  уақытша Алматыға  ауыстырды. Бүгін оңтүстік астанадағы резиденциясына  президент Алматы облысының әкімін шақыртып, есебін тыңдады.

Амандық Баталов жетістіктерінің бірі ретінде мемлекеттен дотация яғни қаржы алуды 15 пайызға қысқартқанын айтып мақтанды. Аймақтың бюджетке алақан жаюын азайтып экономикаға инвестиция тартуы  Елбасының көңілін шықты. Десек те, президент Алматы облысының әкіміне  шағын бизнесті дамытып, жұмыссыздықпен күресіп,халықтың тұрмысын түзелтуге тапсырма берді. Әрі өңір Алматымен ілесіп қарқынды дамып отыруы тиіс. Амандық Баталов экономика өсімін төмендетпеуге уәде етті. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін