«Нелегал-2015» арнайы шекаралық іс-шара жүріп жатыр
![]() |
Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Қызылорда, Сарыағаш, Жетісай шекара отрядтарының әскери қызметшілері |
«Нелегал-2015» арнайы шекаралық іс-шарасына белсенділікпен қатысуда,- деп хабарлайды Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Өткен тәулік ішінде жоғарыда аталған отрядтардың әскери қызметшілері еліміздің көші-қон заңдылығын бұзған 130 Өзбекстан азаматын ұстады. Оның ішінде, рейд барысында «Капланбек авто» бақылау-өткізу бекетінде бірден 52 Өзбекстан азаматы ұсталды. Тексере келгенде барлығының құжаттарында көші-қон полициясының тіркемесі болмай шықты. Әрі біздің елдегі болу мерзімі заңсыз түрде 60 күнге дейін созылып кеткен. Осы тектес іс-шара «Жибек жолы - авто» бақылау-өткізу бекетінің маңайында орын алды. Мұндағы тексеру кезінде 12 өзбек азаматының құжаттарында жоғарыдағыдай заң бұзушылық кездесіп, сонымен бірге 90 күн бойы елімізден шықпай жүріп алғандығы анықталды. Шекараның басқа аймақтарында ұсталғандардың елде болу мерзімі 1-3 тәулікке асып кеткендігі анықталды. Ұсталғандардың барлығы ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 517-бабы бойынша жауапқа тартылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін