НеМолчиKZ Қоғамдық ұйымының сенім телефоны жұмысын уақытша тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 НеМолчиKZ Қоғамдық ұйымының сенім телефоны жұмысын  уақытша тоқтатты

НеМолчиKZ Қоғамдық ұйымының сенім телефоны жұмысын уақытша тоқтатты

Жыныстық зорлық-зомбылықпен күресіп жүрген ұйым сенім телефонының уақытша өз жұмысын тоқтатқанын  мәлімдеді. 

  • 22 Мамыр 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  ұйым басшысы Дина Тансари Instagram желісінде жазды деп хабарлайды, Caravan.kz медиа порталы.

"Құрметті Қазақстандықтар,  НеМолчиKZ сенім телефоны уақытша өз жұмысын тоқтатты. Түсіністік танытып, бізді қолдауларыңызды сұраймыз. 

Негізінен педофилия бойынша істер жүріп жатыр. Біз сот процесі мен жалпы не болып жатқаны туралы материал жазып үлгермей жатырмыз. Осы аптада 3 ауыр ақпаратпен бөлісетін боламыз. Бірақ ақпараттандыруды ғана емес,  зардап шеккендердің де қауіпсіздігін ойлауымыз керек. 

1 маусымға дейін мазаламауларыңызды сұраймыз!" — делінген жазбада.