«Нокаутшыларды» тұқыртқан «Астана арландары» жетінші жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нокаутшыларды» тұқыртқан «Астана арландары» жетінші жеңіске жетті

«Нокаутшыларды» тұқыртқан «Астана арландары» жетінші жеңіске жетті

«Astana Arlans» дүниежүзілік бокс сериясында қатарынан жетінші рет жеңіске жетті. Бүгін қазақстандық боксшылар «Los Angeles Knockouts» командасын 4:1 есебімен ұтты.

  • 1 Ақпан 2013
  • 465
Фото - Caravan.kz

Еске салсақ, бұған дейін «арландар» америкалық командамен өз жерімізде кездесіп, 5:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бүгін өз алаңындағы өткен кездесу америкалықтар үшін сәтсіз болды. Жекпе-жек басталмай жатып-ақ қарсыластары 61 келі және 85 келі салмақтағы боксшыларын шығара алмағандықтан, «арландар» 2:0 есебімен алға шыққан болатын. Оған себеп Самат Бәшеновтың қарсыласы Эрик Фаулердың салмағы артық өлшенсе, Los Angeles Knockouts командасындағы босниялық легионер Джемаль Босняк АҚШ-қа келіп үлгермеген сыңайлы.

Ал жекпе-жек барысында «Astana Arlans» шебері Хабибулла Исмаил-Ахунов Браулио Суаресті және Константин Снигур Уильям Уильямсты жеңді. Өкінішке қарай, Роман Капитоненко Иштван Бернадттан жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда «Астана арландары» қарсылас шақ келтірмей бұзып-жарып келеді. 7 кездесуде жеңіске жеткен «арландар» В тобында көш бастап тұр.