Норвегия шекарасында швециялық ұшақ апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегия шекарасында швециялық ұшақ апатқа ұшырады

Норвегия шекарасында швециялық ұшақ апатқа ұшырады

Швецияның West Atlantic компаниясының пошталық ұшағы Норвегиясы шекарасында апатқа ұшыраған. Ол Ослодан Тромсёға бара жатқан еді. Әзірге екі ұшқыштың тағдыры белгісіз. Олардың Норвегия немесе Швецияның азаматтары емес екендігі анықталды.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 573
Фото - Caravan.kz

Bombardier CRJ 200 ұшағы радарлардан жергілікті уақыт бойынша сағат 1-дің кезінде жоғалып кеткен, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. Сол уақытта ұшақ норвегиялық полюс шеңберіндегі Будё қаласынан 120 шақырым жерде ұшып бара жатқан.

Ұшақ белгісіз себептермен күрт құлдыраған. Бір минутта ол 6,5 шақырым төмендеген. Бұдан кейін ұшақ жерге қатты келіп соғылған.

Апат орны анықталды. Ұшақ барар жолы жоқ, таулы жерде жатыр. Қазіргі кезде ол жердегі 30 градус аяз болып тұр.


Апат орнына Швеция Әуе күштерінің F-16 ұшағы, сондай-ақ швециялық және норвегиялық құтқарушы тікұшақтар жіберілді. Бірақ таулы жерге  тікұшақтардың қоны қиынға соғып отыр.