"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына өткен жылы 66 мыңнан аса Қазақстан азаматы шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына өткен жылы 66 мыңнан аса Қазақстан азаматы шағымданды

"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына өткен жылы 66 мыңнан аса Қазақстан азаматы шағымданды

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына өткен жылы 66 мыңнан аса Қазақстан азаматы арыз тапсырды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында парламенттік фракциясының жетекшісі Бақытжан Жұмағұлов құлағдар етті.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

Б. Жұмагұловтың сөздеріне қарағанда, бүгінде «елдің барлық аймақтарында партияның 215 қоғамдық қабылдауы бар. «Егер 2005 жылы біздерге 4,6 мың азамат келіп шағымдарын айтса, 2006 жылы олардың қатары 7 мыңнан асты. Ал өткен 2007 жылы 66,5 мың қазақстандық өздерінің аманаттарын біздерге тапсырды».

«Партия Қазақстанның тарихында бірінші рет идеялық және тәсілді түрде барлық билік өкілдерін, парламент мәжілісінен бастап аудандық мәслихатына дейін біріктіріп, тиімді қатынас жасайтын деңгейді құра алатын темірқазығы бола алады», — деді Б. Жұмағұлов. «Сөйтіп, президенттің мемлекеттің саяси жүйесіне партияны енгізу жөніндегі пікірін жүзеге асыруға болады», — деп атап өтті ол.

«Саяси партиялардың ұйымдары елдегі билік өкілдерінің басты интеллектуалдық даму ресурсы болуы тиіс. Осы үшін «Нұр Отан» партиясы сайлаушылар алдында және мемлекет басшысы, партия жетекшісі Н. Назарбаевтың алдында толық жауап береді және бұл жауапкершілікті ақтаймыз», деді Б. Жұмагұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті