Жарияланды: 420

«Нұр Отан» тегін жедел желісі мен Whatsapp мессенджерін іске қоспақ

«Нұр Отан» тегін жедел желісі мен Whatsapp мессенджерін іске қоспақ

Халықпен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында 7 желтоқсаннан бастап «Нұр Отан» партиясы жедел желіні іске қосады.

Бірыңғай желінің он бір сандық нөмірі - 8 800 080 4441.

Енді азаматтар Қазақстанның кез келген нүктесінен тегін қоңырау шалуға мүмкіндік алады (осы уақытқа дейін тегін қоңыраулар тек қана облыс орталықтарынан 59-78-50 нөміріне хабарласуына болатын еді. Бұл желі 7 желтоқсаннан бастап өшіріледі).
Жедел желінің жұмыс тәртібі сағат 8-ден 19-ға дейін дүйсенбі мен жұма күндерінің аралығында. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері қоңыраулар жазылып отырады. Ешбір өтініш қараусыз қалмайды.
Сондай-ақ азаматтар хабарламаларды және Whatsapp мессенджері арқылы сурет пен видеоны + 7 700 800 4441 нөміріне жібере алады.
Азаматтар жедел желі арқылы «Нұр Отан» партиясы мүшесінің Әдеп кодексін бұзғаны мен заңсыз әрекеттері, оның ішінде мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық заң бұзушылықтары, бюджеттік қаржылардың, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және салалық, өңірлік бағдарламаларға байланысты тиімсіз пайдаланылған деректері бойынша хабарлай алады. Сонымен қатар азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауына жазылып, өтініштердің қаралу барысын біліп, кеңес алып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, заңнаманы жетілдіру т.б. бойынша ұсыныстар беруге болады, деп хабарлайды nurotan.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін