Мәселен, астаналықтар жаңа жылдан бастап электр энергиясының әр килловаты үшін 3 теңге қосып төлеуі тиіс. Сондай-ақ, судың да бір текше метрі 94 теңгеге дейін қымбаттатылды. Мешін жылымен қатар келген қымбатшылық Павлодар облысын да айналып өтпеді. Өңірде жарықтың бағасы шамамен 7 пайызға көтерілген. Жылу бағасы да көңіл жұбатарлық емес. Енді жылу есептейтін құрылғы орнатылған үйлердің тұрғындары жылуға 66 теңге артық төлесе, мұндай қондырғысы жоқтар үшін баға бірден 240 теңгеге шарықтапты. Батыс өңірлерде де коммуналдық қызмет ақысы шамамен 30 пайызға көтерілген. Оралда 1-ші қаңтардан бастап жылу әр шаршы метр үшін 32 теңгеге, ал ыстық судың бір текшеметрі 55 теңгеге қымбаттады. Суық су үшін де тұрғындар бұрынғыдан он теңге артық төлеуі керек. Ал кәріз жүйесі 40 пайызға шарықтап шыға келді. Тарифтер өзге өңірлерде де өзгеріске ұшырап, алдағы бес жылға бекітіліп отыр.