Олимпиада ойындары-2024 логотипі таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада ойындары-2024 логотипі таныстырылды

Олимпиада ойындары-2024 логотипі таныстырылды

 

  • 22 Қазан 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz


2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жаңа логотипі таныстырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Жаңа дизайн үш символды біріктіреді, спорт, Ойындары және Францияға қатысты — алтын медаль, Олимпиада және Паралимпиада алауы және Франция Республикасының символына айналған Марианнаның бет-әлпеті. "Медаль, алау, Марианна. Париждегі Олимпиада мен Паралимпиаданың жаңа келбеті", — делінген Ойындарды ұйымдастыру комитетінің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. Олимпиада-2024 ойындары 26 шілде — 11 тамыз аралығында, Паралимпиада — 28 тамыз — 8 қыркүйек аралығында өтеді, — деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар