«Өмірдің сынағы ғой»: Көше кезіп, бомж болған Арман Қайназаровтың туыстары оның не себепті осындай күйге түскенін жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Өмірдің сынағы ғой»: Көше кезіп, бомж болған Арман Қайназаровтың туыстары оның не себепті осындай күйге түскенін жайып салды

«Өмірдің сынағы ғой»: Көше кезіп, бомж болған Арман Қайназаровтың туыстары оның не себепті осындай күйге түскенін жайып салды

Көптеген қазақ эстрадасының жұлдыздарына ән шығарып берген Арман Қайназаровтың көше кезіп, қаңғыбас атанғаны көпті дүр сілкіндірген еді.

  • 21 Маусым 2023
  • 1526
Фото - Caravan.kz

Өнер иесінің не себепті осындай күйге түскені белгілі болды, деп хабарлайды «Еуразия» телеарнасы.

Арман Қайназаровтың аянышты күйін көрген журналист әрі продюсер Тимур Нұғман оған бірден көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.

«Қазір дәптерге жазып қойған, шықпаған 35-тей әні бар екен. Өте жақсы жігіт, ақкөңіл екен, байқағаным. Қолында не тұрса, соны бере салатын азамат екен. Сол себепті де осындай күйге түскен шығар деп ойлаймын», — дейді продюсер, журналист Тимур Нұғман.

Сонымен бірге ол Арман Қайназаров қарызға батып, қаражаттан қиналған соң осындай күйге түскенін айтады.


«Қанша рет көмектестік, көмектесеміз де. Бірақ кішкене ішімдікке беріліп кеткендіктен, кей кезде достарына кетіп қалады. Бұл өмірдің сынағы ғой, бір адам тез алып кетеді, бір адам кішкене ұзағырақ жүреді деген сияқты», — дейді композитордың туған інісі Алмас Қайназаров.