Жас жігіт онда жиналыста, ел алдында сөйлеп тұрған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Серікжан Бақытбекұлы өмірінің соңғы күнінде жиналыста, ел алдында сөз сөйлеген. Сонымен бірге ол жиында соңына дейін бола алмай, өрт салдарынан залдан ерте шыққан, дейді жергілікті халық.
Айта кетейік, Абай облысының «Семей резерваты» орманында өрт шығып, салдарынан 14 орман қызметкері қаза тапқан еді. Солардың арасында 27 жасар Тоқсатын Серікжан Бақытбекұлы да бар еді.
ТЖМ ұсынған соңғы мәліметтерге сай өңірде өрт қаупі әлі де басылмай тұр. Өрттің бұлай өршуіне қатты жел әсер етуде, дейді мамандар.