«Бүгін масақты астықтардың түсімі жиналып бітті, орташа өнімділік бір гектардан 19,2 центнерді құрады», — деді агенттік тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы департаментінің өсімдік шаруашылығы бөлімінің бас маманы Амантай Атенов. Оның айтуынша, масақты астық түсімі 182 мың гектар аумақтан жиналды, жалпы түсім 350 мың 800 тоннаны құрады.
«Былтыр түсім жиналған алаң бұдан артық, бірақ орташа шығымдылық төмен, небәрі бір гектардан 12,6 центнер болған», — деді А. Атенов.
Департаменттің мәліметінше, 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 250 мың тоннадай астық орылған.