Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша 30 қаңтарда сағат 13.00 орташа қысымдағы жер асты газ құбырынан көгілдір отын шығып жатқандығы анықталды. Соның есебінен орталық аудандық аурухана, перзентхана мен 3944 жеке меншік үйлерді қамтамасыз етіп отырған 79 газ тарататын станция көгілдір отыннан ажырап қалды.
19.30 сағатта газ шығып жатқан участок анықталып, жарамсыз болып қалған құбыр бөлігі кесіліп, қайта дәнекерленді.
Ал 21.30 сағатта толық дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, газ құбыры қайта тексерілді. Алайда бүгін түнгі 01.00 сағатта газ құбырының жарамсыз болған жаңа учаскелері анықталды. Жер қазу жұмыстары қайта басталып сағат 03.00 дейін жалғасты.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 70 жылдары төселген газ құбырының тесіліп қалып отырғанына, оның астында жатқан су каналы себепші. Осыны ескерген мамандар ендігі жерде газ құбырын жер үстінен қайта тарту жөнінде шешім шығарды.
Бүгінгі күні Ақсукент ауылының перзентханасында 30 босанған әйел бар. Электр жылыту құралдары арқылы палаталарда +25 градусты ұстап тұруға мүмкіндік туды. Сағат 01.00 перзентхана үйі отынмен жылытатын пешке қосылып, тиісті көмір көлемімен қамтамасыз етілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті