ТЖМ мәліметтері бойынша, Оңтүстік Қазақстандағы Арыс қаласында көп пәтерлі үйдің бірінде пайдалану техникасының тәртібі сақталмағандықтан газ баллоны жарылып, ауаға таралған газ қоспасы жанды. Соның салдарынан екі адам 1 дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға жеткізілді.
«Жарылыстың салдарынан жеті пәтердің есіктері істен шығып, бір пәтердің терезе әйнектері сынды «, — деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті