«Оны өлтіргім келді»: Қос қызын он жыл бойы зорлап келген әкенің екі әйелі оқиғаға қатысты бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Оны өлтіргім келді»: Қос қызын он жыл бойы зорлап келген әкенің екі әйелі оқиғаға қатысты бар шындықты жайып салды

«Оны өлтіргім келді»: Қос қызын он жыл бойы зорлап келген әкенің екі әйелі оқиғаға қатысты бар шындықты жайып салды

Күні кеше елді дүр сілкіндірген Алматы облысындағы әкенің туған қыздарын зорлап келген оқиғаға қатысты тағы да тың дерек шықты.

  • 1 Маусым 2023
  • 1053
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, озбыр әкенің екі әйелі бар болып шықты. Қос келіншек аталған оқиғаға қатысты өз шындықтарын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz.

Әйел адам Еуразия арнасының тілшілеріне берген сұхбатта, ер адамның бірінші әйелі небары 17 жасында тұрмысқа шыққанын айтқан. Айтуынша күйеуі оны мен балаларын өмір бойы сабап келген. Ал күйеуінің туған қыздарын зорлап келгенін ол осыдан бір жыл бұрын білген. Содан бері ол «тірі өлік» екенін айтқан. Десе де ұлдары мен қыздарының өміріне қорқып, оқиға туралы ешкімге тыс жармауды шешкен.
«Мен оны өлтіргім келді. Бірақ, балаларымды ойладым. Полицияға арыз жазуға қыздарым рұхсат бермеді. Себебі, дәлелдей алмаймыз деп қорықтық. Қаша алмай қаламыз деді. Қазір олар маған ашулы. Қорғамадың дейтін шығар. Мен он жыл бойы білмедім. Ертерек білсем, бір нәрсе істеуші едім. Мен де анамын. Менде де жүрек бар»,-деді жәбірленген қыздардың анасы.
 

Аталған оқиғаға қатысты күдіктінің тоқалының да өз айтары бар. Ол туғанындай болып кеткен қыздардың басынан өткен оқиғаны естігенде, полицияға жүгінуді жөн көрген. Бірақ қолында дәлелдері болмағандықтан, тәртіп сақшыларына уақтылы шағымданған. Сондай-ақ қыздарға үйлерінен қашып шығуға дәл осы келіншек көмектескен. Десе де кейін бұл әрекеті үшін, күйеуінен соққы көрген.

«Үлкен қыз маған ерекше жақын болатын. Қалай екенін неғып айтпаған. Сонша уақыт ішінде сақтап, жібін де көрсетпей келгеніне өзім де аң таң боламын. Осы жерден кеткенде екі қыз айтты. Біз сіздерді осы жерде қалдырмаймыз. Біз осы маньяктың қолында қалдырмаймыз. Інілерімізбен алып кетеміз. Құтқарамыз деді. үлкен қыздың сөзі. Құтқарамыз деді. Өзінің құрған жоспары болған ғой», -д ейді ер адамның екінші әйелі.

Еске саларлығы, бүгінгі таңда күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ қыздар қорғауға алынған. Ер адамның екі әйелі бүгінде елдің бетіне қараудан қалғанын айтады. Айтуларынша, сот үкімі шыққаннан кейін, олар басқа жаққа көшуді жоспарлап отыр екен.