ОПЕК басшысы мұнайға сұраныс өседі деп болжап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОПЕК басшысы мұнайға сұраныс өседі деп болжап отыр

ОПЕК басшысы мұнайға сұраныс өседі деп болжап отыр

ОПЕК бас хатшысы Абдалла Салем әл-Бадри мұнайға деген сұраныс артатынын, ал ұйымға кірмейтін елдерден шикізат жеткізу азаятынын мәлімдеді.

  • 12 Қазан 2015
  • 592
Фото - Caravan.kz

Мұнай саласын алдағы уақытта «жақсы күндер» күтіп тұр, деп есептейді ОПЕК басшысы.

"Біз ОПЕК 2016 жылы мұнай нарығы тұрақталады деп үміттенеміз, — деді А.әл-Бадри. — Соңғы кездері ОПЕК құрамына кірмейтін кей елдерде мұнай өндірісі қысқарғанын, сонымен қатар мұнайға деген сұраныстың өсуінің алғышарттарын көріп отырмыз", — деді ол.

Болжам бойынша, мұнайға деген әлемдік сұраныс 2040 жылы тәулігіне 110 млн баррельге дейін ұлғаяды.