ОҚО 22 мектебінде сабақтар тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО 22 мектебінде сабақтар тоқтатылды

ОҚО 22 мектебінде сабақтар тоқтатылды

Шымкент. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстағы 22 мектеп кластарында температурасының төмен болуына байланысты сабақтарды тоқтату жөнінде сотқа шағым түсірді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің жасөспірімдер мен балалар гигиенасы бөлімінің бастығы Бейсенкүл Қалдыбекова хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 720
Фото - Caravan.kz

«22 оқу орындарында жасалған зерттеулер, қорытынды актілері мен құжаттар экономикалық сотына тапсырылды. Онда шешім шығарылады «, — деп ақпарат берді Б. Қалдыбекова.

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, Байдібек ауданында бес мектепте сабақтарды тоқтату жөнінде құжаттар дайындалса, Шымкент бойынша үш мектепте сабақтарды өткізбеу жөнінде шағым түсірілді.

«Байдібек ауданында бұдан бұрын екі мектепте сабақтар тоқтатылған болатын, кейін оларда жағдай түзеліп қайта жұмысқа басталған болатын. Енді басқа бес мектеп өздерінің жұмыстарын тоқтатты «, — деді атап өтті Б. Қалдыбекова.

Куәгерлердің айтуынша, шымкенттің кейбір мектептердің бөлмелерінде ауа температурасы 10 градусқа жетпейді. «біздерге сабақта киіммен, тұмақпен, бас киіммен отыруға рұқсат етеді. Біз класта жылыну үшін ыстық шәй ішеміз», -деді № 41 орта мектептің 6 сынып оқушысы. Тексеру кезінде кластағы температура Цельсии көрсеткішісі бойынша 7 градустан аспады.

Б. Қалдыбекова хабарлағанындай, облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері мектептердегі ауа температурасын үнемі қадағалап жүреді.

«Егер, қазір 22 мектеп жабылса, оларға 100 ден аса айып пұл салынды. Бұл жұмыс жылу беру кезеңі басталғаннан бері қолға алынған. Біз мектепті жабумен ғана шектеліп отырмыз деп ойламаңыздар, біздер айып пұл саламыз, ескерту хаттарын жазамыз. Әрбір мектептерге бұл міндетті түрде тапсырылады «, — деді жасөспірімдер мен балалар гигиенасы бөлімінің бастығы.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, білім беру мекемелері жылумен қамтамасыз ету орталықтардын сапасыз қызмет көрсетіп отыруына байланысты сотқа арыз тапсырып жатыр. Шымкенттің 3 бала бақшасы мен № 26, № 41 и № 3 мектептері құжаттар жинап, ТЭЦ-3 басшысына қатысты сотқа шағым түсірмекші. Ал № 21 и № 4 мектеп директорлары олардан бұрын сотқа арыз тапсырған.

«Мектеп басшылары жылу дұрыс берілмегені үшін, босқа ақша төлегілері келмей, жылу беру мекемелерімен соттасып жатыр», — деп түсіндірді Б. Қалдыбекова.

Ал жылу беру мекемелерінің айтуынша, оқу ордаларындағы температураның төмен болуы жылу беру жүйесінің апатты жағдайда болғандығымен байланысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті