ОҚО бір көлік жолдан шығып газ құбырына ұрынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО бір көлік жолдан шығып газ құбырына ұрынды

ОҚО бір көлік жолдан шығып газ құбырына ұрынды

Абай. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Абай поселкесінде көлік жолдан шығып газ құбырымен соқтығысты, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Қаңтар 2008
  • 465
Фото - Caravan.kz

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 21 қаңтарда сағат 16.15 «Мицубиси» көлігінің жүргізушісі газ құбырымен соқтығысып, соның салдарынан көгілдір отын құбыры істеп шықты.

«Сөйтіп, 2737 жеке меншік жер үй көгілдір отынсыз қалды», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кеше жүргізілген жөндеу жұмыстары кешкі сағат алтыда аяқталды. Төтенше жағдайды ауыздықтауға 25 адам және «ҚазТрансГазАймак» Сарыағаш бөлімінің арнайы 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті