ОҚО тұрғыны 1 келіден астам апиынмен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО тұрғыны 1 келіден астам апиынмен ұсталды

ОҚО тұрғыны 1 келіден астам апиынмен ұсталды

Полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысының 45 жастағы тұрғынынан 1 келіден астам апиын анықтаған. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қазан 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Апиын» есірткілік затты сатуда күдікті танылған ер адам «Көкнәр-2015» шарасының аясында ұсталды. Ол 1970 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Іздеу кезінде полицейлер одан «шикі апиынға» ұқсас есірткілік зат салынған ораманы анықтап, алды. Сот-қылмыстық сараптамасы алынған заттың жалпы салмағы 1 келі 250 грамм болған шикі апиын екенін анықтады.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 297-бабы («Есірткілік зат, психотроптық заттар мен оларға ұқсас заттарды сату, жөнелту мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау») бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары өткізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.