Жарияланды: 350

ОҚО: Жұрт жол салу үшін жерлерін алмақ болған шенеуніктерге наразы

Шымкентте жұрт жерлері үшін шенеуніктермен төбелесіп қала жаздады. Өйткені, жоба бойынша Ынтымақ ықшамауданындағы 70 шақты үйдің аумағы арқылы ені 35 метрлік жол салынбақшы. Одан бөлек жолдың екі жағында 4 жарым метрден гүлзар болуы керек екен. Бұл туралы ескерту алған жұрт бүгін көшеге плакаттармен шықты.

Жылдар бойы дұрыс жолды армандаған Ынтымақ ықшамауданының тұрғындары енді осы жол үшін дүрлігіп, плакат алып шықты. Себебі, көше бойымен үлкен жол төселетіні туралы әкімдіктен ескерту қағазы келіпті. Осы мақсатта 69 үйден 3 және 7 метр аралығында жер алынады делінген.

Нұрғали Қамбаров, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Біз жолға қарсы емеспіз. Бірақ та біздің қарсылығымыз мына 2 жолдың екі жағында 4 те 65 метр бір газон, оның аржағында тротуар. Екінші жағында тағы тағы 4.65 газон. Аржағында тағы 2.25 тротуар. Сонда соның арасында біздің үйлеріміз кетіп жатыр. Біреудің үйі кетіп жатыр. Біреудің магазині, біреудің ұстаханасы кетіп жатыр.

Жұрт Ынтымақ ықшамауданына 2006 жылдан қоныстана бастаған. Өздері газ жүргізіп, өз есебінен жарықты да кіргізген. Бәрінің қолында құжаттары түгел.

Үйіме 5 жарым метр кіріп тұр. Үйімнің жартысы кетіп тұр. Мен қайда барамын 2 бала-шағам бар. Әкімшілік қайда қарап отыр, соған қарамай. Оларға әлде бәрібір ме?

Талай барып, кездесе алмай жүрген шенеуніктері бүгін өздері келді. Дүрліккен жұрт оларды түтіп жей жаздады.

- Бермейді ешкім жерді. 69 үй бермейді. – Заң аясында алынады. Заң аясында да ешкім бермейді. Заң аясында ешкім соттаспайды. Өйткені ешкім бермейді.   Біз халық мемлекетке мұқтажбыз ал. Біздің қажеттілік қайда? Ал, сіздерге керек, енді любой время, е ендімен қатырмаңыз көке. Күніге тыңдап жатырмыз телевизордан. Қоя сал.

Жұрт дүрсе қоя берген соң әуелі жібімей тұрған шенеуніктер соңынан жол жобасын қайта қараймыз деп құтылды.

Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
- Арнайы комиссия, жаңағы әр бөлімді дайындап жатырмыз. Жобалаушы мекеме, подрядчик және бөлім арқылы жүріп, архитектура, земельный комитет жігіттерімен бірге әрбір туындап жатқан мәселені, әр тұрғынмен жеке-жеке қарастырамыз.

Бек Әбиев, тілші:

- Ынтымақтықтар дүрліккен соң, ел алдына келген шенеуніктер халықтың көңілінен шығып жауап қайтара алмады. Тек, мәселені май шаммен қараймыз деп қана уәде береді. Алайда, әкімдік қалай шешсе де халық өз учаскесінен бір адым жер бермейміз деп бекініп отыр.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін