ОҚО-да көлігімен адамдарды қаққан жүргізушіні тұрғындар өлімші етіп сабап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+34 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да көлігімен адамдарды қаққан  жүргізушіні тұрғындар өлімші етіп сабап тастады

ОҚО-да көлігімен адамдарды қаққан жүргізушіні тұрғындар өлімші етіп сабап тастады

Оңтүстік Қазақстанда да тежегіші істен шыққан жүк көлігі 7 машинаны жайпап өтті. Салдарынан бір жасар бөбек ауруханаға жетпей көз жұмып, тағы 22 адам жараланған. Он жасқа да толмаған 4 бүлдіршін қазір ауыр хәлде жатыр. Ал тізгінше ие бола алмаған жүк көлігінің жүргізушісін куәгерлер тепкінің астына алыпты. Қазір ол да миы шайқалып, аурухана төсегіне таңылған.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл кеше кешкі сағат 7-лер шамасында болған апаттың көрінісі. Куәгерлер телефонына түсіріп алған. Қирап қалған 7 жеңіл көлік бір-біріне кіріп, шашылып жатыр. Ал, бұл машиналарды Қазығұрттан Шымкентке қиыршық тас әкетіп бара жатқан Хова маркалы жүк көлігі соққан.

-Қиыршық тас артқан жүк көлігінің тежегіші ауылға жақын маңдағы қырда істен шыққан екен. Ауыр көлікті тоқтата алмаған жүргізуші алдымен алдына шыққан қой-сиырды шашып өткен. Соңынан, мына жерде кептелісте тұрған көліктерді кеп соққан. Артынан өзі аударылған. Соққының қатты болғаны соншалық бетон бағананы ортасынан қақ бөлген.

Апаттан 1 жасар бөбек ауруханаға жетпей көз жұмды. 22 адам жараланған. Оның 5-уі он жасқа да толмаған бүлдіршіндер. Аман қалғандардың бірі Ұлбике Нышанбаева. 19 жастағы студент Шымкенттегі оқуына бет алған екен.

Ұлбике Нышанбаеве, жәбірленуші:

-Біз жәй келе жатқанбыз. Алдымыздан мал шықты да, соған жәй тоқтап жатыр едік. Одан кейін артымыздан бірінен соң бірі соқты. Арттан әйтеуір тарс ете қалды.

Ал, жол апатына кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі Ұлықбек Юнусов болса Қазығұрт ауруханасында жатыр. Апаттан соң аударылған көліктен шыққан оны сол маңның тұрғындары тепкілеп тастапты. 48 жастағы азамат көліктің тежегішін сол күні екі мәрте тексердім деп ақталады.


Ұлықбек Юнусов, жүк көлігінің жүргізушісі:

-Тежегіш ұстамай қалды. Адамға зиян болмасын деп анау бір машинадан келіп өттім, мал шығып қалды. Болды содан ары қарай кетті. Аяқ жағын білмеймін. Құлап шыққанымды білем, содан ауылдың балалары ұрып тастады.

Қазір, бұл апатқа қатысты сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Жүк көлігінің тежегіші де техникалық тексеруден өтеді.