ОҚО-да көршісіне ашуланған жігіт үйін жарып жібермек болды
Оңтүстік Қазақстанда ашуға булыққан азамат өзі тұратын көпқабатты үйді жарып жібермек болды. Кентаулық жігіт мұндай әрекетке көршісімен ұрсысып қалған соң барыпты. |
– Мен «терпила» атанып кеттім
– Ешкім сені «терпила» деп жатқан жоқ.
– Е бүкіл қала айтып жатыр.
«Арызқой» деп келемеждеген көршісіне өкпелі 29 жастағы жігіт 4-ші қабаттағы пәтерінің терезесінен газ балонын лақтырмақшы болған. Полицейлердің 70 шақты адамды қауіпсіз аймаққа шығаруына тура келді. Көршім елдің көзінше кешірім сұрасын деген ол тіпті терезеде тұрып тамырын кесіп өлуге де оқталды. 45 минут бойы елді дүрліктірген жігіт, соңынан полицейлерге өзі шықты. Спирттік ішімдік ұрттап күлкіге қалған ол енді арызын абақтыдағыларға айтып жатыр. Осы бұзақылығы үшін 5 жылға сотталуы да мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін