Жарияланды: 370

Оралда кәсіпкерлер бензин бағасын келісіп көтергені анықталды

Оралда жанармай сату бекеттері өзара келісіп, бензин бағасын көтеріп жіберген. АИ-95-тің аяқ астынан неге бұлай қымбаттағанын қазір монополияға қарсы қызмет тексеріп жатыр.

Елдегі жанармай құнын билік ұстап тұрудан бас тартқан сәттен бастап, мамандар май құю бекеттерін назарда ұстап келген еді. Көпшілік тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің осы шектеуді алып тастағанына байланысты қымбаттағаны белгілі. Ал АИ-95 әуелден-еқ нарықтық бағамен сатылатын. Бірақ жанармай бекеттері оның құнын бірден 133 теңгеден 151-ге көтеріп жіберген. Енді монополияға қарсы қызмет тексеру жүргіземіз деп еді, оны түсіре қойды. Қазір 140 теңге шамасында. Егер де бекеттердің келісіп алғандығы дәлелденсе, бүкіл монополиялық табысы және жалпы табыстың 3 пайызы тәркіленбекші.

Нұрбол Исламов, БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-Батыс Қазақстан облысы бойынша 7 нарық субъектісіне қатысты АИ-95 маркалы бензин бағасын келісіп ұстап тұру фактісі бойынша монополияға қарсы заңнамамен тергеу амалдары жүргізілуде. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін