Оралда жарықтың өсуіне қарсылық білдірген тұрғындар энергетиктерге асқабақ сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жарықтың өсуіне қарсылық білдірген тұрғындар энергетиктерге  асқабақ сыйлады

Оралда жарықтың өсуіне қарсылық білдірген тұрғындар энергетиктерге асқабақ сыйлады

Оралда жарық ақысын кезекті рет көтеру үшін өткізілген энергетиктердің жиынына қала белсенділері асқабақ арқалап келіпті. Бұл – монополистердің ұсынысына халықтың қарсылығы.

  • 30 Желтоқсан 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

Жұрттың бұлай дүрлігуіне негіз бар. Өйткені энергетиктер соңғы 6 айда осымен екінші рет тариф көтеру туралы ұсыныс айтып отыр. Бұған қатысты бұқаралық тыңдаулар ұдайы плакат көтеріп келгендердің айғай-шуымен өтетін. Бүгін «Батыс энергоресурсы» электр қуатының құнын 30 пайызға өсіруді сұрады. Айтуларынша, энергия өндіруші ақыны көтерген. Ал монополияға қарсы қызметтің қандай шешім қабылдайтыны жаңа жылда белгілі болмақ. Ал халық арасынан шыққан белсенділердің бұ жолғы наразылығы электр қуатын тасымалдаушыларға дым әсер етпеген сыңайлы. 

Снежанна Имашева, «Батыс энергоресурсы»
ЖШС директоры:

Менің ойымша бұл кісілер мұнда әдейі келген. Мүмкін оларға біреулер осы қойылым үшін ақша төлеген шығар. Біздің жиынға бұлар жиі келіп тұрады. Осылай «концерт» қойып кетеді. Оған үйренгенбіз.