Оралда "жедел жәрдем" автокөлікпен соқтығысып, дәрігерлер зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда "жедел жәрдем" автокөлікпен соқтығысып, дәрігерлер зардап шекті

Оралда "жедел жәрдем" автокөлікпен соқтығысып, дәрігерлер зардап шекті

Үш адам облыстық ауруханаға жеткізіліп, тексерістен соң амбулаторлық емге жіберілді

  • 14 Шiлде 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Оралда 13-нен 14 шілдеге қараған түні жедел жәрдем көлігі Volkswagen автокөлігімен соқтығысты.

Батыс Қазақтан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, жол апаты салдарынан үш адам зардп шеккен, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

Екі көлік Еуразия мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында соқтығысқан

"Олардың екеуі – медициналық қызметкер. Барлығы облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды, кейін амбулаторлық емге жіберілді", — деп түсіндірді басқармадан.

Екі көлік Еуразия мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында соқтығысқан. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.


БҚО полиция департаменті жол апатының тіркелгенін растады.

Еске сала кетсек, кеше Қостанайда той кортежінің автокөлігі жедел жәрдем көлігіне жол бермей, апатқа себепші болған еді. Салдарынан төрт адам зардап шекті, олардың арасында жедел жәрдем көлігінде отырған пациент те бар.

 

Соңғы жаңалықтар