Оралдың «Ақжайығы» турнир кестесіндегі көршісі «Қайратпен» күш сынасады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Ақжайығы» турнир кестесіндегі көршісі «Қайратпен» күш сынасады

Оралдың «Ақжайығы» турнир кестесіндегі көршісі «Қайратпен» күш сынасады

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында бүгін Оралдың «Ақжайығы» Алматыда «Қайратпен» күш сынасады.

  • 20 Сәуiр 2013
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бес турдан кейін оралдықтар мен алматылықтар алты ұпаймен 5-6-алтыншы орындарды бөлісуде. Өткен турда «Қайрат» «Тобылды» өз алаңында 4:2 есебімен ұтса, «Ақжайық» 1:2 есебімен «Ертіске» жол берген болатын.

Өткен жылғы маусымда «Қайрат» өз алаңында «Ақжайықты» 2:1 есебімен тізе бүктірген еді.

19 сәуір күні командалардың қосалқы құрамдары жасыл алаңға шығып, онда алматылықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс добын 54-минутта Рауан Сариев соқты. Соңғы минутта Р.Сариевтің 11 метрден соққан айып добы қақпадан қиыс кетті.