Оралдық Е.Ларионова - Азия чемпионы! - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдық Е.Ларионова - Азия чемпионы!

Оралдық Е.Ларионова - Азия чемпионы!

Таиландтың Пхукет қаласында жастар арасында әйелдер күресінен өткен Азия біріншілігінде оралдық Екатерина Ларионова чемпион атанды.

  • 17 Маусым 2013
  • 372
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, 63 келі салмақта күрескен Е.Ларионова әуелі Мьянмадан келген Тхазин пуй Майды 4:0 есебімен еш қиындықсыз тізе бүктірді. Содан кейін моңғол қызы Нямгерей Бурнебатарды 5:3 есебімен ұтып, финалға шықты. Финалда қытайлық Чуинг Тангты жеңіп (5:2), жеңіс тұғырына көтерілді.

Кішкентайынан әкесі Алексей жаттықтырып, көптеген жарыстан жүлдемен оралып жүрген Е.Ларионова өткен жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ ол одан бұрын кадеттер арасында Азия, әлем біріншіліктерінде топ жарған еді.