Оралдықтар жаңа жылды қымбатшылықпен қарсы алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдықтар жаңа жылды қымбатшылықпен қарсы алатын болды

Оралдықтар жаңа жылды қымбатшылықпен қарсы алатын болды

Себебі, алдағы 1 қаңтарынан бастап қалада ыстық және суық су, жылу мен кәріз жүйесі қымбаттайды.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 180
Фото - Caravan.kz

Мәселен жаңа жылдан бастап жылудың әр шаршы метрі 32 теңгеге ал ыстық судың бір текшеметрі бірден 55 теңгеге қымбаттатылмақ. Суық су үшін де тұрғындар бұрынғыдан он теңге артық төлейтін болады. Ал кәріз жүйесі бірден 40 пайызға шарықтап шыға келмек. Жаңа тарифтік жоспар, әсіресе, бюджеттік мекемелердің қалтасын қағатын болды. Себебі олар енді жылудың 1 гигакалориясы үшін 11365 теңге, судың әр текшеметріне 346 теңге ал кәріз жүйесіне 484 теңгеден төлейтін болады. Орташа есеппен  облыстық бюджеттен коммуналдық қызмет ақыларына 1 жарым миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланған. Монополияға қарсы мекеменің мәліметінше, бұл тарифтер алдағы бес жылға белгіленіпті. 

Уәлихан Разов,
БҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

— Сапалы және уақытылы қызмет көрсетіп, кәсіби мамандарды сақтап қалу үшін тарифтерді көтеруге мәжбүр болып отырмыз. 2016 жылдан бастап 2020 жылдың желтоқсан айына дейін белгіленген бұл тарифтер енді қайта өзгертілмейді.