«Өрлеу ақпараты» журналистік байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өрлеу ақпараты» журналистік байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтеді

«Өрлеу ақпараты» журналистік байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтеді

Ертең инновацияны насихаттау мақсатындағы үш жетекші - «NIF$50K» инновациялық бизнес-жоспарлар, «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» рационализаторлық ұсыныстар, «Өрлеу ақпараты» инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материалдар байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтеді.

  • 16 Қазан 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz


Салтанатты шараны ұйымдастырушылар — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің» қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі».

Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов, ҚР Парламентінің депутаттары, инноваторлар, салалық ассоциация өкілдері қатысады.