Өскемен деп аталатын әжетхана қағазы тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен деп аталатын әжетхана қағазы тұрғындарды шошытты

Өскемен деп аталатын әжетхана қағазы тұрғындарды шошытты

Шығыс Қазақстанда ерекше әжетхана қағазы шығарыла бастады. Буманың сыртына ағылшынша «Мен сүйемін...» деп , әрі қарай осы облыстағы ірі елді-мекендердің атауы жазылған.

  • 9 Қаңтар 2016
  • 287
Фото - Caravan.kz

Бірі бұны арсыздық деп өндірушіні табалап жатса, енді бірі өздері тұратын  қала аты жазылған қағазды естелік үшін сатып алуда. Қаптаманың сыртына  Өскемен мен Семей ғана емес, Зайсан, Риддер, Зырьян да жазылыпты. Мұндай гигиеналық заттың бір орамы 20 теңге тұрады. Осының арқасында саудасы қыза түскен өндіруші алдағы уақытта әжетхана қағазының сыртына адам аттарын да басып шығаруды жоспарлап отыр.

Айболат Байгелдас, сатушы:

-Мұны көбінесе аудан тұрғындары алып жатыр. Тіпті, ресейліктер де қызығушылық танытып отыр. Бұл өте қызықты бастама болды.