Жарияланды: 500

Өскеменде 25 жастағы бойжеткен полиция қызметкерін көлігімен басып кетті

Өскеменде 25 жастағы бойжеткен полиция қызметкерін көлігімен басып кетті

Өскеменде «Ниссан Мурано» көлігін басқарып келе жатқан 25 жастағы бойжеткен ШҚО ІІД криминалдық полиция бөлімшесінің 30 жастағы қызметкерін көлігімен қағып кетті. Жедел жәрдем келгенше ер адам жан тапсырып үлгерді, деп жазады YK-avto.kz.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға 26 желтоқсан күні Күленов атындағы елді мекенде орын алған. Оқиғаның мән-жайы туралы нақты мәлімет таратылмады.

«Жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткен 5 жылға дейін бас бостанығынан айырылуы мүмкін», - деді полициядағылар. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін