Жарияланды: 360

Өскеменде атақты хоккейшінің келіншегін өлтіруі мүмкін деген күдіктілер ұсталды

Өскемендік белгілі хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін өлтіріп, үйін тонағандар ұсталды.

Күдіктілер әзірге  -  екеу. Оларды полицейлер Семейден тапқан. Ұрлаған олжаларының да көзін құртып үлгермесе керек, қолды болған заттардың бәрі сол күйі тәркіленіпті. "Торпедо" хоккей клубының капитаны Евгений Фадеевтің әйелін қылмыскерлер бірнеше күн бұрын тапа-тал түсте өлтіріп, үйін тонап кеткен болатын. Бірақ, хоккейші тұратын қымбат тұрғын үй кешенінің күзетшілері күдікті ешнәрсе байқамапты. Мария Фадеева да спорттан құр алақан емес екен: гимнастикамен айналысқан екен. Әкесі мен ағасы да хоккейшілер. Марияның артында екі кішкентай ұлы қалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін