Жарияланды: 410

Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Бүгін таңертең Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы ауданында автобус жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан бойжеткенді қағып кетті. Зардап шеккен азаматша ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды YK-avto.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апатының негізгі себебі көктайғақ болуы мүмкін. Автобустың жүргізушісі тайғақ жолда көлік құралын уақытылы тоқтата алмаған деген болжам жасалып отыр. Жолдан өтіп бара жатқан бойжеткен автобустың астына түсіп қалды.

Оқиға орнына келген дәрігерлер зардап шегушіге көмек көрсетіп, оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады. Полицияда әзірге жол апатына қатысты түсініктеме берген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін