Өскеменде ер адам мектептің жанындағы ағашқа асылып қалған
![]() |
Кеше Өскемен тұрғындары Сәтбаев даңғылындағы №24 орта мектептің жанында ағашта асылып тұрған адамның мүрдесін анықтады. |
Полицейлер оны шешіп, мүрдені сараптамаға жіберді, деп хабарлайды YK-news.kz.
Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, оқиға таңертең шамамен сағат 6:45-те орын алған.
«№24 мектептің жанында азиялық түр-сипаттағы шамамен 45-50 жас аралығындағы белгісіз ер адамның мүрдесі анықталды. Ол ағаш бұтасына асылып, қайтыс болған. Қазіргі уақытта оның кім екені және өлімінің нақты себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп хабарлады Өскемен ІІБ-ның баспасөз қызметінен.
Мектептен сабаққа бара жатқан кейбір оқушылар, өкінішке қарай, ағашта асылып тұрған адамның мүрдесін көргенін айтып отыр. Оқу мекемесі қызметкерлерінің ақпаратынша, өз-өзіне қол жұмсаған адамның мектепке еш қатысы жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін