Өскеменде «Торпедо» командасы капитанының әйелін тонап, өлтіріп кеткен
![]() |
Кеше кешке Өскеменде «Торпедо» командасының капитаны Евгений Фадеевтің әйелі Марияны өлтіріп кетті. Әйелдің мәйіті пәтерден табылды. |
Туыстарының айтуынша, пәтерді тонаған. Олардың пікірінше, қанішерлер Марияның ізіне түскен.
Қазір аймақ полициясы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге қосымша ақпарат жоқ. Полиция жағдайға қатысты мәлімдеме жасамады.
Белгілі болғандай, Евгений мен Мария Астанада тұрған. Жарты жыл бұрын Евгенийге «Торпедо» командасының капитаны болу ұсынысы жасалған. Ерлі-зайыптыла Өскеменге оралды. Фадеевтер жанұясы олардың екі баласын тәрбиелеген. Мария белгілі қазақстандық бапкер Владимир Беляевтің қызы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін