Оспанов 1 миллиард теңгені төлеп бітуге жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оспанов 1 миллиард теңгені төлеп бітуге жақын

Оспанов 1 миллиард теңгені төлеп бітуге жақын

Рекордттық сома 1 миллиард теңгені төлеп бітуге жақын. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов 850 миллион теңгені бюджетке қайтарып үлгерген. Ірі көлемде пара алса да, сот залынан босатылған атқамінердің ендігі қалған қарызы 250 миллион.

  • 29 Қыркүйек 2015
  • 370
Фото - Caravan.kz

Осы ақшаны Мұрат Оспанов 13 қазанға дейін тауып үлгеруі тиіс. 11 жыл  түрмеде отыру жазасынан құтылған шенеунікке наурыз айында 1 миллиард 101 миллион теңге айыппұл салынған болатын. Үкімге сай, сотталушыға бұл миллиардтты өтеуге 6 ай мерзім берілді. Ағайын-туысы көк тиынымыз жоқ деп сол кезде жылағанымен, Оспанов берешегінің біраз бөлігін қайтарған екен. Табиғи монополияларды реттеу агенттінің экс-төрағасы енді қалған 250 миллион теңгені табуға жанталасып жатыр. Өмір-бақи билікке оралуға тыйым салынған Оспанов «электр энергиясының құнын көтеру үшін «Атырау жарық» компаниясынан 300 мың доллар пара алған.