Оспанов түрмеден құтылу үшін берген 1 миллиардтты қайдан алғанын айтқан жоқ
Миллиардты түгел төлеп жазадан құтылды! Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов ірі көлемдегі айыппұлын бюджетке уақытында қайтарып үлгерді. |
Ол рекордтық сомма - 1 миллиард 100 миллион теңге. Сөйтіп, ірі көлемде пара алса да, сот залынан босатылған Оспанов сот үкімін толықтай орындап жазадан құтылып отыр. Экс-шенеунік ақшаны 6 ай мерзімнің бітуіне бір күн қалғанда төлеп үлгерген. Енді үйқамақта отырып қырағы күзетшілердің бақылауында болған шенеунік бостандық алды. Бірақ өмір бойы билікке оралуға тыйым салынғаны мәлім. Оспанов «электр энергиясының құнын көтеру үшін «Атырау жарық» компаниясынан 300 мың доллар пара алғаны үшін айыпталған. Бірақ сот шенеунікке 11 жыл түрмеде отыру жазасының орынына миллиард теңге айыппұл салған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін