Жарияланды: 440

Өткен тәулікте Жайық өзеніне 3 адам батып кетті

Өткен тәулікте батыста 3 адам суға кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, Атырау қаласында Жайық өзеніне шомылу барысында 27 жастағы жігіт суға кеткен. Келесі екі оқиға Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында орын алған. Осындағы Мерген ауылы маңында суға кеткен азаматтың денесін ауыл тұрғындары, ал Тайпақ ауылының тұсында Жайық өзеніне батқан 21 жастағы жігіттің денесін облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің мамандары шығарған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін