Өзінің туған қызын саудалаған келіншек пен оның сүйіктісі сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзінің туған қызын саудалаған келіншек пен оның сүйіктісі сотталды

Өзінің туған қызын саудалаған келіншек пен оның сүйіктісі сотталды

Ақтөбеде өзінің туған қызын саудалаған келіншек пен оның сүйіктісіне қатысты сот үкімі шықты. Бауыр еті баласынан жеріген ана енді сегіз жылын, ал сыбайласы тоғыз жыл өмірін темір торда өткізуі тиіс.

  • 22 Қазан 2013
  • 266
Фото - Caravan.kz


Есірткіге елірген азаматша мен оның көңілдесі бес жасар бүлдіршінді 700 мың теңгеге сатпақ болғанда қолға түсті. Екеуі наркодиспансерде есепте тұр. Ал безбүйрек ананың сүйіктісі болса бұған дейін бірнеше рет ұрлықпен ұсталып, судья оны қауіпті қылмыскер деп тапты. Сондықтан бұл жолғы жазасын қатаң тәртіптегі түрмеге өтейтін болады. Ал Арина есімді бүлдіршін қазір уақытша бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр.