Жарияланды: 420

Париждегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылардың біріне үкім шықты

Париждегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылардың біріне үкім шықты

Париждегі лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған тоғызыншы адамға қатысты Бельгияда сот үкімі шықты. 1985 жылы дүниеге келген Абдуллах есімді бельгиялық азамат террорлық әрекетке барып, адам өлтіргені үшін айыпты деп танылды. Лаңкес Брюссель вокзалдарының бірінде қамауға алынған болатын.

Федералдық прокуратураның мәліметі бойынша құрықталған күдікті бірнеше мәрте Париждегі террактілердің бас ұйымдастырушысы Абдельхамид Абаудамен байланысқа шыққан. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бельгияда лаңкестікке қатысы бар сегіз адамға үкім шыққан болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін